ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы құқық қорғау органдарындағы реформаларды қолдап келе жатыр - Жаннет Клетцер

АТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ЕҚЫҰ азаматтарды құқықтық қорғаудағы негізгі кепілдіктерге айрықша мән береді.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы құқық қорғау органдарындағы реформаларды қолдап келе жатыр   -  Жаннет Клетцер

Бұл жайында бүгін Алматыда өтіп жатқан "Адам құқығын қорғауды қылмыстық-процессуалдық салада қамтамасыз етудегі кепілдіктер" деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісінде айтылды.

"ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы әу бастан-ақ, құқық қорғау органдарындағы реформаларды қолдап келе жатыр. Мәселен, соттардың тұтқынға алуға санкция беруін енгізу, соттық бақылауды кеңейту және тағы басқа қадамдар. Барлық шаралар түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық негізінде және азаматтық қоғамның белсенді атсалысумен жасалады", - дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.

Оның айтуынша, орталық құқық қорғау жүйесін жетілдіру бағытында әрқилы жобаларды жүзеге асыруда. 20 жылдың ішінде құқық қорғау органдары көптеген реформалар жасады. Бұл салада қазір жетістіктермен қатар әлі күнге өз шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Бұл бүгінгі отырыста да жан-жақты талқыға түсіп отыр. Жалпы, бұл шараны "Адам құқығы хартиясы" қоғамдық қоры ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы мен Қазақстандағы Фрид Хаус өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.