ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасының Жеке өкілі Ә.Ахметов баяндама жасады
ЕҚЫҰ-на қатысушы елдердің делегациялары ұлтшылдыққа, жатсыну мен төзбеушілікке қарсы күрес Ұйымның және оның институттарының негізгі басымдықтары болуы тиіс деген ортақ пікірге келді.
Отырысқа қатысушылар ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің осы саладағы заңнамаларды жетілдіру және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жайында айтты.
Баяндаманы талқылау барысында аз ұлттарға жататын адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған күш-жігерді арттырудағы Жеке өкілдердің маңызды рөлі аталып өтілді.
Сонымен бірге ұлттық және мемлекетаралық деңгейдегі ұлтшылдық, жатсыну мен төзбеушіліктің кез-келген көріністерінің жолын кесудегі дәйекті жұмыстармен бірге жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, азаматтық қоғам институтарымен үнқатысуды дамыту қажеттігі аталып өтілді.
Еске сала кетейік, сенатор Әділ Ахметов Іс басындағы Төрағаның мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі болып табылады.