ЕҚЫҰ-ның Қазақстаннан үйренері баршылық - Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында өткен конференция

sp;ВАШИНГТОН.   Желтоқсанның  7-і.  ҚазАқпарат -  Еуропадағы қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымының Қазақстаннан  үйренері   баршылық.    Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының күн тәртібі  таныстырылған Вашингтондағы   Стратегиялық  және халықаралық    зерттеулер  орталығында  

ЕҚЫҰ-ның Қазақстаннан  үйренері   баршылық -  Вашингтондағы   Стратегиялық  және халықаралық    зерттеулер  орталығында өткен  конференция

 («Center for Strategic and International Studies») өткен  конференцияда   осы  жайлы айтылды.

Қазақстанның   АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен    хабарлағандай,  ЕҚЫҰ мәселелері  жөніндегі  жетекші американдық  және халықаралық    сарапшылар  «Қазақстанның   ЕҚЫҰ-ға төрағалығының   мүмкіндіктері»  деген  тақырыптағы  жыл бойы  жүргізілген жұмыстың  қорытындысы  бойынша  өз  қорытынды баяндамаларын   таныстырды. Бұл құжат   ЕҚЫҰ  мәселелері  жөніндегі    тәуелсіз американдық мақсатты  топты талдау  жұмысы  болып  табылады.   Жұмыс тобының    құрамына  Орталық  Азия,    қауіпсіздік,  энергетика  мәселелері   жөніндегі сарапшылар,  американдық үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, сондай-ақ  АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы   бұрынғы    елшілері   кірген.

   Конференцияға қатысушылар,      нәтижелі    төрағалық ету   үшін   Қазақстанның     нақты жетістіктерге  әкелетін,     елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді   нығайтуға, сондай-ақ    ЕҚЫҰ-ның  халықаралық   қарым-қатынастардағы ролін   күшейтуге  қолдау болатын  жобаларға   басымдық     танытуы  керектігіне келісті.   Олар,  Қазақстанның  төрағалығы -   бірегей   құбылыс екенін, себебі Қазақстанның    ЕҚЫҰ-ға  төраға  болып  отырған     посткеңестік  кеңістіктегі   алғашқы  мемлекет  және халқының  басым бөлігі  мұсылман  ел  екенін   атап  көрсетті. «Еуропадағы қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымының Қазақстаннан  үйренері   баршылық»,  дейді   сарапшылар.