ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Д. Бакояннис ҚР өкілі - Елші В. Гиззатовты мұсылмандарға қатысты төзімсіздік және кемсітушілікпен күрес мәселері жөніндегі өзінің жеке өкілі ретінде тағайындады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Грекияның Сыртқы істер министрі Дора Бакояннис Қазақстан Республикасының өкілі - Елші Вячеслав Гиззатовты мұсылмандарға қатысты төзімсіздік және кемсітушілікпен күрес мәселері жөніндегі өзінің жеке өкілі ретінде тағайындады.
None
None
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Е. Ашықбаевтың айтуынша, бүгінгі күні ЕҚЫҰ?да мұсылмандарға қатысты төзімсіздік және кемсітушілікпен күрес мәселері жөніндегі жеке өкілмен қатар, антисемитизммен күрес мәселелеріне және нәсілшілдік, ксенофобия мен христиан және басқа діндерге қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы ЕҚЫҰ төрағасының тағы да екі жеке өкілі жұмыс атқаруда. Ал өзіне берілген мандат бойынша ЕҚЫҰ төрағасының Жеке өкілінің бірқатар мақсат-міндеттері болады. Атап айтқанда, Жеке өкіл ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Тұрақты кеңес шешімдерін тиімді орындауға бағытталған қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру, сондай-ақ, Ұйым кеңістігінде мұсылмандарға қатысты төзімсіздік, кемсітушілікпен күреске байланысты өзара іс-қимылды дамыту шараларымен айналысады. Сонымен бірге, Жеке өкіл өзара жұмысты нығайту үшін Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен ЕҚЫҰ-ның басқа институттарымен, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе әрекет етеді. «Қазақстан Республикасы Өкілінің бұл лауазымға тағайындалуы еліміздің ЕҚЫҰ-дағы ұстанымның нығайуының және ұйымға қатысушы мемлекеттер арасында беделінің артуының дәлелі. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында Қазақстан үшін ЕҚЫҰ төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімсіздікпен күрес жөніндегі жеке өкілі секілді лауазым маңызды болып табылады», деді Е. Ашықбаев.
Соңғы жаңалықтар