ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Смоленск түбіндегі ұшақ апатына байланысты Польша халқына көңіл айтты

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Брюссельде жүрген ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Польша халқына және ішінде ел президенті Лех Качиньски де болған Ресейдің Смоленск қаласының түбінде ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты,

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі  Смоленск түбіндегі ұшақ апатына байланысты Польша халқына көңіл айтты

деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігі.

«Мен Польша халқына және осы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Осы ауыр сәтте біз сіздермен біргеміз», делінген көңіл айту мәтінінде.