ЕҚЫҰ-ның мәжілісінде Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешудің бірқатар нұсқалары ұсынылады

/strong>Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- ЕҚЫҰ Төрағасының экология және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жеке уәкілі, Еуропалық Парламенттің депутаты Струан Стивенсон биыл жыл соңына дейін Орталық Азия елдерін аралап шықпақ. Бұл бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған Орталық Азиядағы экологиялық мәселелердің кеңейтілген есебін дайындауға тапсырма берілген еді. Сол себептен, биылғы жылы мен Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның барлық жерін аралап, әсіресе, әлемнің ең ірі экологиялық апатына ұшыраған - Арал теңізі мен Семей полигонында аз дегенде, бір апта өткізуді жоспарлап отырмын. Бұған дейін мен Қырғызстан мен Түрікменстан елдерінде болып қайттым. Менің қорытынды есебім күзде Венада өтетін ЕҚЫҰ-ның пленарлық мәжілісінде ұсынылады. Жиында, Орталық Азиядағы қоршаған орта мен экологияға жағымсыз әсер ететін маңызды мәселелерді шешудің бірқатар нұсқаларын ұсынамын деп үміттенемін», деді С.Стивенсон.

Ол сонымен қатар, «Соңғы жылдары ЕҚЫҰ-на мүше елдер экологиялық фактордың мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына ықпалының артуына алаңдаушылық білдіруде», деп атап өтті.

Струан Стивенсон соңғы 11 жыл бойы Семейде радиациядан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған халықаралық компанияны басқарып келеді. 2004 жылы қыркүйек айында ол Семей жерінде 40 жыл бойы жүргізіліп келген полигон әсерінен зардап шеккен адамдар туралы жазған "Вечная скорбь" шығармасы үшін, халықаралық байқаудан 50 мың АҚШ долларын жеңіп алған болатын. Бұл қаражатты депутат Шотландияның қайырымдылық Корпусына, Семей тұрғындарына көмек көрсету үшін берді. Ал, 2006 жылы ол осы кітапты басып шығарып, сатудан түскен қаражатты Семейдегі балалар емханасына аударды.

Соңғы жаңалықтар