ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларына қосылуына жәрдемдеседі - ЕҚЫҰ Орталық басшысы

аусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларына қосылуына жәрдемдеседі.

ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларына қосылуына жәрдемдеседі - ЕҚЫҰ Орталық басшысы

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция барысында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Александр Кельчевский мәлім етті.

Елшінің айтуынша, ағымдағы жылы ЕҚЫҰ Орталығы негізгі мақсаты Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының басқа да конвенцияларына қосылуына жәрдемдесуге арналған жаңа жобаға бастама жасаған. Бұл ХЕҰ-ның еңбек мигранттары туралы конвенция, көші-қон саласындағы теріс пайдаланулар туралы және еңбек мигранттарының тең құқықтары мен бірдей мүмкіндіктері туралы конвенциялар болып табылады.

«Жоба аясында ағымдағы заңдылық мәселесіне сараптама жасалып, аталған конвенцияларды ратификациялауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Біз әзірленген ұсынымдар Қазақстанға жақын келешекте еңбек миграциясы саласындағы негізгі келісімдерге қосылуына мүмкіндік береді деп сенеміз. Бұл шара аталған бағыттағы ұлттық заңнаманы күшейтуге де септігін тигізеді. Сондықтан да, Парламент депутаттарын, басқа да ұйымдарды осы мәселеге атсалысуға шақырамыз», деді Орталық басшысы.