ЕҚЫҰ ПА Венадағы Қысқы сессиясына қатысып жатқан ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің басшысы Барбара Праммермен кездесті

СТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат. Бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венадағы Қысқы сессиясына қатысып жатқан ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің басшысы Барбара Праммермен кездесті,

ЕҚЫҰ ПА Венадағы Қысқы сессиясына қатысып жатқан ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің басшысы Барбара Праммермен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты, оның ішінде екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы қатынастарды белсенділендіру жолдары талқыланды.

«Аустрия Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық маңызды әріптестерінің бірі болып табылады»,-деді Төраға.

«Қазақстан Аустрияны ЕҚЫҰ-дағы негізгі әріптестерінің бірі ретінде қарастырады және біз ЕҚЫҰ-на төрағалық ету бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы біздің ұсыныстарымызды қолдайтынына сенім артамыз»,-деді Қ.Тоқаев.

Төрағаның айтуынша, қазақстандық төрағалық етудің стратегиялық мақсаты 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу болып отыр. Саммит тақырыбы қауіпсіздіктің өзекті проблемалары, Ауғанстандағы жағдай, толеранттық мәселелері болуы ықтимал.

Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы Б.Праммерді хабардар етіп, «бұл Жолдау тарихи құжат болып отыр, онда Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттары негізге алынғанын» атап өтті.

Ол Аустрия Ұлттық Кеңесінің төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы аустриялық делегацияның басшысын Қазақстанға сапармен келуге, ол сапарында парламентшілердің Трансазиялық жиынына қатысуға шақырды.

Б.Праммер өз кезегенде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайында айта келіп, 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы ұсынысты қолдайтынын білдірді.