ЕҚЫҰ Саммиті аясында БАҚ өкілдеріне арналған қабылдау болатын Хан Шатырда саңырау рэп-музыкант Сайнмарк өнер көрсетеді - Финляндия СІМ басшысының арнайы елшісі
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы Финляндия Елшілігі 2010 жылдың 1 желтоқсаны күні ЕҚЫҰ Саммиті аясында БАҚ өкілдеріне арналған қабылдау болатын Хан Шатырда Сайнмарк (Signmark) атты лақап атымен көбірек танылған саңырау Марко Вуорихеймо рэп-музыкант өнер көрсететіндігін хабардар етті.
2 желтоқсан күні «Фархи» мейрамханасында Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стуббаның кемтар адамдардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі арнайы елшісі болып тағайындалған рэп-музыкант Сайнмарктың және азаматтық ұйымдардың қатысуымен ЕҚЫҰ-ның мүгедектер мәселелері жөніндегі іс-шарасы болады.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Сайнмарк Александр Стуббаның арнайы елшісі ретінде әлемнің отызға тарта елінде өнер көрсеткен.
Әртіс жайлы толық ақпаратты ғаламтордағы мына http://www.signmark.biz/site/en/home адрес бойынша біле аласыздар.