ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясы өз жұмысын жалғастыруда

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясы өз жұмысын жалғастыруда.

ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясы өз жұмысын жалғастыруда

Бүгін алқалы жиынның қорытынды отырысы ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигаловтың төрағалығымен өтеді. Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо мен ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович қатысады деп күтілуде.

Отырыс аяқталғаннан кейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов пен ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтпек.