ЕҚЫҰ саммитін ақпараттық қамту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
«Мемлекет басшысы әділ бағасын беріп өткендей, Астанада өткізу жоспарланған ЕҚЫҰ-ның алдағы саммиті тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлемге таныту мүмкіндігін туғызады. Расында да, желтоқсан айына жоспарланған форумға ЕҚЫҰ қатысушы елдердің 56 лидерлері, ұйымның 12 серіктес-мемлекеттерінің мемлекет және үкімет басшылары, 68 халықаралық ұйымдардың басшылары қатысатыны жоспарланып отыр. Осыған орай, саммитті лайықты әрі тиімді өткізу және оған ақпараттық қолдау жасау үшін тиісті мемлекеттік органдардың жауапкершілігі ерекше арта түседі», деді жиынды ашып сөз сөйлеген ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
Жиын қорытындысы бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіретін мемлекеттік органдар басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.