ЕҚЫҰ Саммитіне БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

азанның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгіннен бастап 2010 жылғы желтоқсанның 1-2-і аралығында елордада өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер және үкіметтер басшыларының деңгейіндегі Саммитке БАҚ-ды тіркеу басталды.

ЕҚЫҰ Саммитіне БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

Бұл туралы бүгін СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

«Жалпы, БАҚ-қа арналған іс-шаралар, ресми пулдар, аккредитация тәртібі, материалдық-техникалық жабдықтандыру, хабар тарату, спутниктік тарату, қонақүйге орналасу, визалар мен кедендік тәртіптер туралы толық ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сайтының ЕҚЫҰ Саммитіне арналған бетінде орналасқан. Саммиттің барлық толық отырыстары, сондай-ақ делегациялар басшылары мен қатысушылардың жеке брифингтері ішкі телевизия жүйесі бойынша таратылады», деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, ЕҚЫҰ Саммиті ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізіледі. Кездесу күн тәртібінде ұйымға мүше мемлекеттердің ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған міндеттемелер мен жалпы еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығы идеясына берілгендіктерін қуаттауы, сонымен қатар адам құқықтары саласындағы зиянды әрекеттердің бетін бұру және жаңа трансұлттық қатерлерге байланысты жұмыс жасау бойынша ұжымдық күш салуды жандандыру секілді мәселелер қамтылатыны күтілуде.