ЕҚЫҰ Саммитіне орай жаңа коммуналдық техника сатып алынды
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергеновтің қатысуымен ЕҚЫҰ Саммиті кезінде ауданға қарасты жолдардың тазалығын қамтамасыз ететін жаңа коммуналдық техниканың таныстырылымы өтті.
Әкімнің айтуынша, «Астана тазалық» ЖШС өз қаражатына 30-дан астам жаңа техника сатып алды «Әрине, ЕҚЫҰ Саммиті кезінде бұған дейін де қолданылып келген техникалық құралдар пайдаланылатын болады. Олардың барлығы тексерістен өтіп, жұмысқа толыққанды дайындалды», - дейді Қ.Жаңабергенов.
Аудан әкімі атап көрсеткендей, бүгіннің өзінде Есіл ауданының коммуналдық қызметтерінде екі ауысымдық жұмыс кестесі енгізілді. «Көшелерді қардан тазарту жұмысына 92 бірлік көлік құралдары мен 350-ден қызметкер тартылатын болады. 340 мың шаршы метр аумақты құрайтын көшелерді қардан тазарту жоспарланған», - деп атап көрсетті Қ.Жаңабергенов.