ЕҚЫҰ сарапшысы ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасына баға берді
«Заң жобасында жағымды үрдістер баршылық, яғни бұл тұрғыда қазақстандық тәжірибені назарға алатын тұстары аз емес. Біріншіден, оны іске асыруда тұжырымдамалық әрі техникалық тұрғыда заң жобасы айтарлықтай халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді. Жалпы алғанда, бұл құжатты қабылдау БАҚ-тың жағдайының нашарлауына алып келмейді деп ойлаймын», - дейді сарапшы.
Сонымен қатар ол заң жобасы бұқаралық ақпарат саласына қатысты құқықтық реттеудің іргетасын кеңейтіп отырғанын, бұл өз кезегінде оңтайлы қадамдардың бірі болып табылатындығын сөз етті.
Дмитрий Головановтың сөзіне қарағанда, БАҚ жұмысында әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты жағымды шешімдер қамтылған.
«Құжатта сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізуде жақсы мүмкіндіктер қарастырлған. Бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі тиіс лауазымды тұлғалардың қызметін реттейтін тәртіптің енгізілуі позитивтік болып табылады. БАҚ-пен осы саланы түсінетін адам жұмыс істеуі керек. Бір жағынан алып қарағанда ол мемлекеттік қызметші болғанымен, екінші жағынан олар саланың қызметін түсінетін адамдар», - деп тоқталды ЕҚЫҰ сарапшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, сарапшылар кездесуінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев заң жобасын талқылау кезінде ұсыныстардың басым бөлігі ескерілгенін атап өтті.