ЕҚЫҰ шетелдік телеарналарды таратуға тыйым салғаны үшін Қырғызстан билігін сынға алды

ШКЕК. 8 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ бюросы президенттік сайлау алдындағы Қырғызстанның жағдайы туралы бірінші аралық есеп берді.

ЕҚЫҰ шетелдік телеарналарды таратуға тыйым салғаны үшін Қырғызстан билігін сынға алды

ЕҚЫҰ өкілдері атап өткендей, Қырғызстандағы сайлау науқаны кезінде шетелдік БАҚ арналарын таратуға тыйым салу үшін ешқандай заңды негіз жоқ. Істің мән-жайына тоқталатын болсақ, қырғыз билігі президенттік сайлау күні - 30 қазанға дейін республика аумағы бойынша тікелей эфирде шетелдік телеарналардың хабарларын таратуға тыйым салды. Көрсетілуге тыйым салынған арналар арасында қазақстандық «Хабар», «КТК» және «Ел Арна» арналары бар. Қазіргі таңда Қырғызстандағы кейбір кабелді телеарна операторлары Ресей теларарналарының кейбір бағдарламаларын таспаға жазып алып, көрсетуде.

ЕҚЫҰ сарапшылары атап өткендей, теледидар Қырғызстан азаматтары үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.