ЕҚЫҰ Түркияны Интернет туралы заңды қайта қарауға шақыруда
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бостандық жөніндегі өкілі Миклош Харашти дүйсенбі күні мәлімдеме жасап,
Түркия өкіметін Интернетті пайдалану жөніндегі заңнамасын ЕҚЫҰ аясындағы міндеттемелерге сәйкестендіруге шақырды.
ЕҚЫҰ өкілінің деректері бойынша, Түркия балалар порнографиясымен күресеміз деген сылтаумен 3,7 мыңдай Интернет сайтқа шектеу қойған, олардың қатарында YouTube, GeoCities және Google сайттары бар, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Түркиядағы Интернет туралы заң деген атпен танымал 5651 заң қазіргі түрінде тек сөз бостандығын ғана бұзып отырған жоқ, сонымен бірге азаматтардың ақпаратқа қолжетімділік құқықтарын да шектеп отыр», деп мәлім етті Харашти.