Экзопланета атмосферасында көмірқышқыл газы табылды
НҰР-СҰЛТАН -ҚазАқпарат – «Джеймс Уэбб» ғарыш телескопы Күн жүйесінен тысқары атмосферада көмірқышқыл газ бары тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат NASA сілтеме жасап хабарлайды.
«Бізден 700 жарық жыл қашықтықта күн тәрізді жұлдыздың айналасында айналатын газ алыбын байқау планетаның құрамы мен қалыптасуы туралы маңызды ақпарат береді», - деп хабарлады агенттік.
НАСА-дан мәлімдегендей, бұл жаңалық болашақта «Джеймс Уэбб» кішкентай жартасты планеталардың жұқа атмосфераларында көмірқышқыл газының құрамын анықтап, өлшей алады. «Алдыңғы бақылаулар, соның ішінде НАСА-ның «Хаббл» және «Спитцер» ғарыш телескоптары аталған планетаның атмосферасында су буының, натрий мен калийдің болуын көрсетті. «Джеймс Уэббтің» инфрақызыл сенсорларының арқасында көмірқышқыл газының бары расталды», - деп атап өтті NASA-дан.

Фото: www.nasa.gov