«Ел арна» 14-16 қыркүйек аралығында теннистен Дэвис Кубогы бойынша Астанада өтетін жарыстардың тікелей көрсетілімдерін ұсынады

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Ел арна» телеарнасы Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының арасында теннистен Дэвис Кубогы бойынша өтетін плей-офф жарыстарының тікелей көрсетілімдерін ұсынады.

«Ел арна» 14-16 қыркүйек аралығында  теннистен Дэвис Кубогы бойынша Астанада  өтетін жарыстардың тікелей көрсетілімдерін ұсынады

Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының теннисшілері Әлемдік топқа жолдама алу үшін бақ сынайды.

Ойынды өткізуден бір күн бұрын жеребе өтті. Қазақстан құрамасынан бірінші және екінші нөмірлермен Михаил Кукушкин пен Евгений Королев, ал Өзбекстан құрамасында  Денис Истомин пен Фарух Дустов шығатын болды.

 Бүгін, 14 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 11:55-те алғашқы жеке ойында Королев пен Истомин кездеседі, келесі болып Кукушкин мен Дустов шығады.

Сенбі күні - жұптасып ойнау. Андрей Голубев пен Юрий Щукин құраған қазақстандық жұп Денис Истомин және Фарух Дустовпен кездеседі.

Жексенбі күні тағы екі жеке кездесулер өтеді: Кукушкин Истоминмен, Королев Дустовпен бәсекелеседі.

Дэвис Кубогының ережелеріне сәйкес, команда үш жеңістен кейін жеңімпаз атанады. Жарыстар 14-16 қыркүйек аралығында «Дәулет» спорт кешенінің орталық кортында өтеді.

Астанада 2012 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында теннистен өтетін Әлемдік топтың Дэвис Кубогы бойынша плей-офф жарыстарының «Ел арна» телеарнасынан көрсетілу кестесі

Өтетін күні, жарыс

Көрсетілетін уақыты

1.

14.09.12.

Қазақстан-Өзбекстан

 (екі жеке ойын)

11.55

Тікелей трансляция

2.

15.09.12.

Қазақстан - Өзбекстан

(жұптық ойын)

13:55

Тікелей трансляция

  • 2.

16.09.12.

Қазақстан-Өзбекстан

 (екі жеке ойын)

14:00

Тікелей трансляция