«Ел арна» «Әсел және оның достары» деген жаңа жастар телесериалын ұсынады
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - «Ел арна» телеарнасының эфирінде дүйсенбіден бастап жаңа жоба - «Әсел және оның достары» атты жастар телехикаясы басталады,
деп хабарлады «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметінен.
Сериал Қазақстанның қазіргі жастарының проблемалары туралы баяндайды. Фильмнің сюжеті университеттің екінші курс студенті Әсел деген бойжеткен мен оның достарының төңірегінде өрбиді. Олар бірге оқиды, көрші жатақханаларда тұрады.
Жобаны әкелі-балалы Қарпықовтар жүзеге асырып отыр. Қазақстандық танымал режиссер Абай Қарпықов сериалдың бас продюссері болса, оның ұлы Альмери Қарпықов - креативтік продюссер. Сериалдың бірінші маусымы 80 эпизодтан тұрады.