«Ел арна» телеарнасы бокс және футбол матчтарын, сондай-ақ теннис федерациясы кубогын көрсетеді
Бұл туралы «Хабар» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ел арна» телеарнасы 20 сәуірде қазақстандық жанкүйерлер үшін арнайы, қазақстандықтардың қатысуымен болатын бірқатар спорттық ойындарды көрсетеді. Бұлар - Алматыдан бокстың Бүкләлемдік сериясындағы «Astana Arlans» - «Mexico Guerreros» жартылай финалы, футболдан Қазақстан чемпионатының «Астана-Ақтөбе» матчы және Франциядан теннистен федерация кубогы.
«Алдағы демалыс күндері «Ел арна» телеарнасының жанкүйерлері үшін спорттық оқиғалары толы болмақ, - деп бөлісті «Хабар» агенттігі» АҚ спорттық трансляциялар продюсері Асқат Жақаев. - Көпшілігі «Astana Arlans» боксшыларының мексикалық командаға қарсы жартылай финалдық қарымта матчын асыға күтуде, «Астана -Ақтөбе» футбол матчы жекпе-жегі де қызықты болмақ, сосын әрине, айрықша атап өтетін сайыс - үлкен теннис. Біз француздың Безансоне қаласынан біздің теннисші қыздарымыздың қатысуымен өтетін федерация кубогын көрсетпекпіз. Алғашқы күні екі жекелей жекпе-жек жазылып алынған түрінде көрсетіледі, ал жексенбі күні біздің отандастарымызға тікелей эфирде жанкүйер болуды ұсынамыз».
Еске сала кетейік, 20-21 сәуірде теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы (Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Ксения Первак, Сесиль Каратанчева) Федерация кубогы ауқымында Франция командасымен матч өткізеді. Командалар екінші әлемдік топта ойнау құқығын жеңіп алу үшін сайысқа түседі.
Спорттық трансляциялардың толығырақ кестесін «Ел арна» телеарнасының ресми сайтынан табуға болады.