«Ел арнаның»мерекелік эфирінде «Қазақ аруы» сұлулық байқауының теленұсқасы көрсетіледі

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ерекше байқау -«Қазақ аруы» сұлулық сайысы өтті. Сыртқы сұлулықты ғана бағаламау - байқаудың басты ерекшелігі. Қатысушыларға қойылған басты талап: қазақ тілінде еркін сөйлеу, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білу. «Қазақ аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы атағына 20 жасар қызылордалық Әйгерім Қанатбаева қол жеткізді. Байқаудың теленұсқасы 22 наурыз күні сағат 20.00-де «Ел арна» телеарнасынан көрсетіледі.
None
None

Байқау ұйымдастырушысы - продюсер Баян Есентаева. Оның айтуынша, байқаудың мақсаты сұлу қызды анықтау емес, қазақ қызы атына лайық аруларды елге таныстыру. Аруларға қойылған басты талаптар: қазақ тілінде еркін сөйлеу, ұлттық дәстүр мен ел тарихы және әдебиетін жетік білу, бойы 170 см кем болмау мен шашының ұзын болуы.

Осы жылы Қазақстанның барлық қалаларынан келген 500 үміткерден 18 бойжеткен таңдап алынды. Ең жас қатысушының жасы 16-да.

Ұйымдастырушылар: «Қазақстанда байқау танымалдығы арта түсіп, жаңа дәрежеге көтерілу үстінде» - дейді. Ресейде тұратын қазақтар да бұл байқауға қызығушылық танытып, келер жылы Ресейлік аруларын жібермек екен. Қатысушылардың қазақ эстрада жұлдыздарымен бірлесіп өнер көрсетуі дәстүрге айналды. Олардың ішінде - Айгүл Иманбаева, Айқын, Әли Оқапов, Әлішер Каримов, Әнел Арынова және т.б. Байқаудың міндетті «тағамы» - шығармашылық сайыс. КешYou тобының сұлу қыздары, Марат Оралғазин мен Марат Әлібаев, Әли Оқапов пен Айсәуле Бақытбек байқау жүргізушілері болды.

Аруларымыз КешYou тобы орындайтын «Қазақ қыздары» әніне қойылған ырғақты би билеп бастады. Кейіннен би әуезді дәстүрлі «Аққумен» әуенімен жалғасты. Одан өзге, қазақстандық дизайнерлер кешкі көйлектерінің дифилесін ұсынды. Қатысушылар Аида КаумеNOVA, Айгүл Қасымова, Lariya және жаңадан қадам жасап келе жатқан жас дизайнер Нәйлә Байкучукованың киімдерін қалың жұртшылықтың назырына салды.

Қорытынды сайыс «Сұрақ-жауап» деп аталды. Мұнда сұлуларымыз арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі жайлы білімдерін дәлелдеді.

«Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы бриллиант тастармен көмкерілген керемет алқаның иегері атанды. «Қазақтың қызы» атағына лайық ең сұлу бойжеткенді анықтауды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған қазылар қауымына тапсырылды. Әділ-қазы мүшелері - М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының директоры Есмұхан Обаев, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ директоры Ермек Аманшаев, ҚР еңбек сіңірген майталманы, ҚазҰӨА ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Ел Арна» арнасының директоры Айгүл Мүкей, дизайнер және фэшн-сарапшы Сәкен Жақсыбаев, ҚР еңбек сіңірген актрисасы, экс-Мисс Қазақстан Сәуле Рахметова, танымал әнші Сәкен Майғазиев пен «Қазақ аруының» продюсері Баян Есентаева.

«Қазақ аруы» сынды тележобаны көрермендерге ұсына алатынымызға өте қуаныштымыз. Бұл жобаның мазмұны мен талғамы дәл біздің менталитетімізге лайықталған. Осылайша біз өзімізге тән, қазақ еліне тән ерекшелігімізді көрсеткіміз келеді. Барлық сұлулық байқаулары телевидениемен тығыз байланысты екені анық. Бұл рейтингісі көп шаралардың бірі. Біз тек сыртқы келбетке емес, шығармашылық мүмкіншілікке баса назар аударатынымыздың дәлелі -«Қазақ аруы» жобасы.

Байқауға дайындық - қатысушылардың өміріндегі үлкен сабақ. Ал жеңімпаз арумыз бірнеше сала бойынша қызметін жетілдіруге мүмкіндік алады - телевидение, өнер, сән, шоу-бизнес, кино. Бұл - өз мәдениеті мен тарихын бағалап, құрметтейтін шығыс қызының жаңа өміріне берілетін үлкен жолдамасы. Үздікті анықтау баршаның міндеті!», - дейді «Ел арна» арнасының директоры Айгүл Мүкей.

Соңғы жаңалықтар