«Ел арнаның» тыңнан туған жаңа жобасы: Фобия

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ спорт және эстрада жұлдыздары мен саясаткерлері бойындағы қорқынышты жеңіп, жан түршіктірер, экстремальді тапсырмаларды орындайды.

 «Ел арнаның» тыңнан туған жаңа жобасы: Фобия

1 ақпаннан бастап, сағат 21.40-та «Ел Арна» телеарнасынан «Фобия» жаңа реалити-шоуы өз көрсетілімін бастайды!

«Фобия» жаңа жобасында шынайы, жарқын эмоциялар және де таракан, тышқан, жылан қосылған дәмтатымдар мен көптеген тосын сыйлар дайындалуда. «Фобия» - бұл қорқыныш алдындағы өз-өзін жеңу мен өз үрейінен үстеп болу, жоба соңындағы жеңімпаз сыйлығы - шетелге жолдама!

Отыз қатысушы, олардың ішінде театр және кино актрисасы Меруерт Түсіпбаева, актер және тележүргізуші Дәстен Шәкіров, танымал әнші Інжу, «Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаевтарды екі қатерге толы әрі жиіркенішті сынақтар күтіп тұр. Сыннан өте алмаған жағдайда қатысушы ойыннан шығады, ал қалған ойыншылар келесі одан да үрейлі, қатерлі жаңа айналымда сыналады..

Өз қорқынышын жеңе алмаған қатысушы ойыннан шығарылады. Ал егер қолынан келсе, ол жаңа айналымда жаңа күтпеген, тосын сындарға кезігеді.

«Бұл жобаны жүргізу туралы ұсынысты естісімен өз келісімімді бердім - дейді «Фобия» реалити-шоуының жүргізушісі Илхам Ибрагимов. - Өкінбеймін. Басында, арине, қорықтым. Бір күні қолыма жыланды ұстатты... Сол кездегі қорыққан сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен бұл уақытқа дейін қорқыныш пен жиіркенуді қатар сезіп көрмеген едім. Кейіннен сол жылан менің түсіме де кірді. Жоба, расында, өте қызықты, оған жақын арада өздеріңіздің де көздеріңіз жетеді!»

Шоу ұраны - «әркім өзі үшін» және бұл көптеген қиындықтар тудырды, себебі қатысушы өзінен басқа ешкімге арқа сүйей алмайды. Қатысуға келісімдерін берген тұста шоу-бизнес, саясат және спорт жұлдыздары алдарында қандай сындар дайындалып жатқандығынан бейхабар болды.

«Фобия» - ешкімді бей-жай қалдырмайтын 100% адреналинге толы! Шоу «Ел Арна» телеарнасынан әр жұма сайын сағат 21.40-та көрсетілетін болады. Қайталауы сенбі күні, сағат 19.00-де!