Ел астанасында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5 қазанда еліміздің Өскемен, Қарағанды, Теміртау қалаларында және ел астанасы - Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар