Ел аумағында боранға байланысты жеті жол жабық тұр
АСТАНА. KAZINFORM — 31 қаңтар сағат 00.10-дан бастап 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Алматы облысында — 3 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 59-143 км, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысы шекарасына дейін, 84 км.
- «Алматы-Шелек-Қорғас» жолының 24-254 км, ақы алу пунктінен Жетісу облысы шекарасына дейін, 230 км.
- «Алматы-Өскемен» жолының 25-124 км, ақы алу пуктінен Жетісу облысы шекарасына дейін, 99 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлікке ғана қолданылады.
Жамбыл облысында — 2 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 143-238 км, Алматы облысы шекарасынан Қайнар ауылына дейін, 95 км.
- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 159-212 км, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін, 53 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлікке қолданылады.
Қызылорда облысында — 1 учаске
- «Самара-Шымкент» жолының 1802-2055 км, Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін, 253 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Түркістан облысында — 1 учаске
- «Самара-Шымкент» 2055-2082 км, Қызылорда облысы шекарасынан Шорнақ ауылына дейін, 27 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.