Ел аумағында адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында шешенді шаралар жүргізілуде - ІІМ
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Ел аумағында адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында шешенді шаралар жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәселен, ведомствоның атап өтуінше, Орал қаласында криминалдық полиция қызметкерлерінің арнайы жүргізген іс-шаралары барысында бұрын сотталған 31 жастағы жеңгетай қолға түсті. Ол өткен жылы маусымда Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында балалар үйінің 20 жастағы бұрынғы тәрбиеленушісін келесі бір әріптесіне Орал қаласында жезөкшелікке салу мақсатында 40 мың теңгеге саудалаған.
«Зардап шегуші жезөкшелік мәжбүрліктен босатылып, үйіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ведомство ақпаратында.