Ел аумағында апаттық жағдайдағы 132 мұнай ұңғымасының көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2010-2021 жылдар аралығында қоршаған ортаға зиян келтіретін 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел аумағында апаттық жағдайдағы 132 мұнай ұңғымасының көзі жойылды

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев орталық коммункациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты.

«Қазақстанның геология саласын дамыту» тақырыбында баяндама жасаған вице-министр қоршаған ортаға зиян келтіретін мұнай ұңғымаларының көзі мемлекеттік бюджеті есебінен жойылып жатқанын айтты.

«Қоршаған ортаны ластайтын апаттық жағдайдады мұнай ұңғымаларын жою үшін 2010-2021 жылдар аралығында ел аумағында зерттеулер жүргізілген болатын. Зерттеу кезінде 132 апаттық мұнай ұңғымасы анықталды. Оның 126-сы мемлекеттік бюджет есебінен жойылды. Тағы 6 ұңғыманы жою қажет болып отыр. Ақтөбе облысында– 3, Атырау обылсында – 1, Маңғыстау облысында – 2 апаттық жағдайдағы ұңғыма бар. Аталған иесіз апаттың жағдайдағы ұңғымаларды жою 2023 жылы басталады», - деді Серікқали Брекешев.