Ел аумағында болған өрттер салдарынан ер адам мен әйел көз жұмды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте өрттердің салдарынан ер адам мен әйел қаза болды, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгін Қапшағай қаласының Наурыз көшесінде орналасқан 8 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Жалын тілі 30 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ орнында 37 жастағы әйелдің жансыз денесі табылды.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-қ бүгін құтқарушылар Сәтпаев қаласының маңындағы кентте 4 пәтерлі тұрғын үйден шыққан өртті сөндірумен айналысты. Жалын 10 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында 33 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Өртпен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум