Ел аумағында орын алған жол апаттарынан 2 адам қаза тапты
АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Кеше елімізде 2 жол-көлік апаты орын алып, оның салдарынан екі адам қаза тапса, тағы 2 азамат ауруханаға жеткізілді.
Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 36-ші шақырымында «БМВ» көлігі жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан 25 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болса, жүргізуші мен оның тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілген.
«Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылорда-Павлодар автожолының 733-ші шақырымында «Мазда» көлігі мен «Сетра» автобусы соқтығысып қалды. Жол-көлік апатының салдарынан «Мазда» көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», делінген ведомство хабарламасында.