Ел аумағында тасқын, сел жүру қауіптері жоқ ? ҚР ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Биыл Қазақстан территориясында тасқын, сел жүру қауіптері жоқ.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада ТЖМ-нің Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел ден қою департаментінің бастығы Диханбек Сатылғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Былтыр көктемде Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарын кенеттен топансу басып қалғанын еске салған департамент басшысы: «Биыл мұндай жағдай болмас үшін Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері Төтенше жағдай министрлігімен бірге бұл мәселені мұқият бақылауға алды», - деп атап көрсетті. Биыл керісінше бұл өңірлерде су тапшылығы болатын түрі бар. «Шардараның су ұстау сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр. Қазір онда 3,4 млрд. текше метр су бар. Осы күндері секундына 546 млн. текше метр су құйылуда. Былтыр секундына 700 млн. текше метрге дейін жеткен болатын. Осы мәліметті алға тартқан Д. Сатылғанов су тасу қаупінің жоқтығын айтады. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан территориясында болуы мүмкін апаттық жағдайлар мен арнасынан тасуы ықтимал су қоймаларын сараптаудан өткізген. «Зерттеулер мен болжамдардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, Қазақстанда көктемгі маусымға байланысты туындайтын апаттық қауіптер жоқ», дейді департамент бастығы. ТЖМ елдегі су қоймаларының көктемгі маусымда орын алатын су тасқындарын болдырмау және оның салдарларын жоюға сақадай сай дайын. Қажетті дәрі-дәрмектер қоры жинақталды. Техникамен қамдалған азаматтық әскер кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын.
Соңғы жаңалықтар