Ел аумағында толық көлемде қымбат металдарды қайта өңдеу мәселесі шешілетін болады

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ұлттық банк пен Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы Қазақстанның және Кеден одағы елдерінің аумағында ішкі алтын нарығын дамыту және қымбат металдарды қайта өңдеуді кеңейтуді ынталандыру және жағдай жасау жөніндегі ұстанымды қолдайтыны туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Ел  аумағында толық көлемде қымбат металдарды қайта өңдеу мәселесі шешілетін болады

Қазіргі кезде Қазақстанда «Қазмырыш» ЖШС-і кәсіпорнының ғана халықаралық «London good delivery» стандартына сәйкес келетін құйма түріндегі тазартылған алтынды жасап шығару мүмкіндігі бар. Ал «Қазақмыс» ЖШС-тегі аффинажды кәсіпорын қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін тазартылған алтынның құймаларын шығарады. Осы аффинажды өндірістің қуаттарын пайдалану бірнеше жылдың ішінде халықаралық «London good delivery» стандартына сәйкес келетін құймалар түріндегі тазартылған алтын өндірісіне арналған екінші сертификатталған кәсіпорынды құруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде республика аумағында толық көлемде қымбат металдарды қайта өңдеу мәселесі шешілетін болады.