Ел аумағындағы үлкен жолдардың бойында 133 жылыту пункті жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қысқы маусымда « Қазақавтожол» ЖШС жол қызметтері республикалық трассаларды тәулік бойы тазалап, қолайсыз ауарайында автокөліктерді қауіпсіздігіне де назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел аумағындағы үлкен жолдардың бойында 133 жылыту пункті жұмыс істейді

Ведомствоның мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайларда алыс сапарға шықпау туралы арнайы қызметтердің ескертулеріне қарамастан, кейбір жолаушылар тұрғылықты мекенжайларынан тыс аймақтарға шығып, жолда қалып жатты. Мәселен, осы қыста жол қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 720 көлік құралы шығарылды. Олардың 391-і жылы бокстарға орналастырылса, жолда қалған 2 мыңнан астам адам «Қазақавтожол» жылыту пункттеріне жайғасты.

«Жалпы еліміз бойынша барлық қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген 133 жылыту пункті жұмыс істейді. Жолда қалған жағдайларда «Қазақавтожолдың« Сall-орталығына 1403 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген ақпаратта.