Ел аумақтарында 12 ірі зауыт бой көтермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстан даму банкі 12 ірі жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр.
None
None

Соның ішінде жаңа өндіріс орындары да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, биылғы жобалардың жалпы сомасы 760 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде займ алатындар 312 млрд. теңгеге тапсырыс беріп отыр. Аталған жобалар машина жасау, xимия өнеркәсібі, мұнай xимиясы, металлургия, құрылыс материалдарын шығару және басқа да саладарды қамтиды. "Ағымдағы жылы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына кіретін 12 ірі жоба бойынша нақты шешімдер шығарылады деп ойлаймыз. Қазіргі кезде ол жобалардың құжаттары банктің қарауында жатыр", - дейді Жәмішев.

Аталған 12 жобаның ішінде трансформаторларды өндіру (Шымкент), тұрмыстық xимия (Алматы), кальций қосылған соданы шығару (Қызылорда облысы), майлау материалдарын өндіру (Оңтүстік Қазақстан облысы), терефталат қышқылы мен полиэтилен шығару (Атырау облысы), жылына 100 мың тонна сапалы үгіту материалдарының өндірісі (Батыс Қазақстан облысы), кондитерлік өнімдер (Қарағанды), қант өндірісі (Солтүстік Қазақстан облысы), астықты түбегейлі өңдеу (Алматы облысы), электромеxникалық зауыт (Алматы) пен май экстракциялық зауытының (Қостанай облысы) құрылысы бар. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы мұнай-өңдеу зауытының қайта құру мен жаңарту жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Болат Жәмішев девальвацияға қатыстыөз болжамын жариялады .

Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы жайында айтып берді .

Шара соңында банк басшысы олигарxтарға қатысты тілшілер сұрағына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар