Ел аумақтарындағы күре жолдарда 10-нан астам апаттан құтқару жұмыстары жүргізілді - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл басынан бері қарлы борандарда еліміздің автожолдарында 10-нан астам апаттан құтқару жұмыстары жүргізіліп,
None
None
төтенше оқиға орнынан 500-ге жуық адам көшірілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Төтенще жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Элдор Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ақпанның 17-інде Шығыс Қазақстан облысында қатты боранның салдарынан 16 автокөлік жол үстінде тоқтап қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар ведомствосының қызметкерлері тікұшақ арқылы жолаушыларды құтқару шараларын жүзеге асырды. Министрліктің мәліметіне қарағанда, ақпанның 19-ында Достық-Үшарал автожолының бойында боранның салдарынан 19 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқару шаралары кезінде 52 адам қауіпсіз орынға жеткізілді. «Ауа райының бұзылуы салдарынан елді мекендерден шықпау туралы таратылған ақпараттарға кейде ел азаматтары назар аудармайды. Өкінішке орай Оңтүстік Қазақстан облысында ақпанның 21-інде қайғылы оқиға орын алды. Ерлі-зайыптылар бес жасар баласын ертіп қарда жүргіш моторлы шанамен көрші ауылға бара жатқан жолда адасып, үшеуі де үсіп өлді. Осы орайда күн райының бұзылуы туралы ақпарат таратылған жағдайда азаматтардың жолға шықпауын өтінеміз»,- деді Э. Райымбеков.
Соңғы жаңалықтар