Ел аумақтарындағы жол апаттарынан 4 адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға түсті - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика автожолдарында болған 3 жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам мерт болып, тағы 8 адам түрлі дене жарақаттарын алды,

Ел аумақтарындағы жол апаттарынан 4 адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға түсті - ТЖМ

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы Қорғас-Жаркент және Алматы-Бішкек автожолдарында «Ауди» мен «ДАФ» автокөліктерінің және «Мазда» мен «УАЗ» көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында екі адам сол орында мерт болып, 6 адам аураханаға жеткізілді. Олардың арасында 5 және 2 жастағы екі бала бар.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Ұшқын-Алпамыс автожолында «Нива» және «ВАЗ» көліктері соқтығысып, екінші көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Ниваның» жүргізушісі мен «ВАЗ-дың» тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.