Ел аймақтарында 7 ер адам ажалын судан тапты

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Ел аймақтарында 7 ер адам ажалын судан тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Алматы облысының Түрген шатқалында 20 жасар жігіт шомылу кезінде суға кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД-нің судан құтқару қызметімен ( барлығы 6 адам мен 2 техника бірлігі) бірлесе ҚР ТЖМ «РОСО» ММ күштері алып шықты.

Қапшағай қаласындағы Сұлусай демалыс орнында сағат 15:30-да 23 жасар жас жігіт бөгенге шомылу кезінде суға кетіп қалды. Оның денесін ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күштері іздестіруде.

Текелі қаласында сағат 22:05-те қалалық бассейнде жас жігіт суға батып кетті. Аталған оқиғаға куә болғандар мәйітті судан алып шықты.

Теміртау қаласындағы Нұра өзеніне шомылған 35 жастағы ер азамат суға кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күштері алып шықты. Оған 4 адам мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Қамысты ауылында 23 жасар жас жігіт малын Үбі өзенінен өткізем деп, ажалын судан тапты. Денені келесі күні ІІАБ-мен бірлесе (5 адам мен 1 техника бірлігі) ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндру қызметінің күштері алып шықты.

Зайсан қаласында сағат 17:50-де Жеменей өзеніне шомылған 44 жастағы ер азамат та ажал құшты. Оның мәйітін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күштері (4 адам мен 1 техника бірліг) 22:30-да тауып, судан алып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысы Комсомол ауылында 39 жастағы ер адам шомылу кезінде қазаншұңқырға тап болып, батып кетті. Оның мәйітін ІІАБ-мен бірлесе ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Тимирязев ауданының ТЖБ күштері (3 адам мен 1 техника бірлігі) алып шықты.

Соңғы жаңалықтар