Ел аймақтарында үлескерлердің мәселесі назардан тыс қалып отыр - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Гүлнәр Сейітмағамбетова өзін еліміздің аймақтарындағы үлескерлердің мәселесі алаңдатып отырғандығын білдірді.
None
None

Депутаттың айтуынша, әдетте үлескерлер туралы мәселе қозғалғанда, көбіне тек Астана мен Алматы қалаларындағы жағдай талқыла салынады. Ал еліміздің қалған аймақтарындағы салынып жатқан құрылыстағы үлескерлердің мәселелері көбіне назардан тыс қалып отыр. «Депутаттар бұл туралы ылғи да мәселе көтереді. Бірақ әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып отыр. «Сонымен қатар халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету күннен күнге күрделеніп барады. Біз аймақтарға сапармен барып, онда қоғамдық қабылдау өткізген кезде арызданушылардың басым көпшілігі өздерін тұрғын үй мәселесі толғандыратындықтарын айтып келеді. Сондықтан халықтың әл-ауқатын жақсартамыз десек, ең бірінші осы тұрғын үй мәселесін шешу керек. Азаматтардың тұрғын үй алу шараларын барынша жеңілдеткен жөн»,-дейді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар