"Ел бірлігі" доктринасы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді -Стратегиялық зерттеулер институтының директоры

АЛМАТЫ. Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сарапшылар тұрақсыздық ошағының қатарына қосатын Шынжаң дамып келе жатқан Қытай мемлекетінің ең осал тұсы.   Бұл бүгін Алматыда "Ел бірлігі" доктринасы жобасын пысықтаумен айналысатын жұмыс комиссиясының бірінші отырысында айтылды,
None
None

         деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         «Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі жағдай туралы айтқанда  Қазақстан қазір батысқа шығатын қытай тауарларының басты транзиттік бағыты болып отыр. Қытайды мұнай өнімдерімен 90 пайыз қамтамасыз ететін бұғазды қазір бір державаның әскери-теңіз күштері бақылауда. Сондықтан бұл Еуропаға шығатын құрғақтағы жол болып отыр. Олар Қазақстанның қуат тасымалдаушыларына да қызығушылық танытуда.  Теңізге шығатын жолы жоқ Қазақстан үшін  бұл Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына шығу үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда Қытай АҚШ-тың басты бәсекелесі. АҚШ  Шынжаңды геостратегиялық нысан ретінде қарастырады. Ол дамып келе жатқан Қытай елінің ең осал тұсы», дейді  ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Саясаттанушы ғалымның пайымдауынша, Қытай басқа жақтан алып қарастырғанда Қазақстанмен экономикалық байланыстарына және оның энергиялық ресурстарына тәуелді.  Сол себепті Қазақстан да Шынжаңдағы жағдайға алаңдаушылық танытып отыр. Онда 1990-98 жылдары ұйғыр  азатшыларының   және Шығыс Түркістанды құруға мүдделі өзге де тараптардың қатысуымен кемінде 700 қарулы қақтығыс болды. Қазір бұған лаңкестік топтар да енуге тырысуда. Сондықтан Тәжікстанда және  Қырғызстанның Ферғана өңірінде тұрақсыздық болып тұрған кезде "Ел бірлігі" доктринасы бізге елдегі тұрақтылықты сақтауға жаңа мүмкіндіктер береді. 

Соңғы жаңалықтар