Эльбрус шыңында 30 жыл бұрын қаза тапқан әйелдің мүрдесі табылды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Эльбрус шыңында осыдан 30 жыл бұрын қаза тапқан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Алдын ала деректерге қарағанда, альпинист әйел 31 жыл бұрын таудың басына шығу кезінде мерт болған», -деген Қарашай-Шеркес ТЖМ мәлімдемесін келтіреді НТВ телеарнасы.
Мәйітті төрт шақырымдай биіктікте, шыңға шыққан туристер тапқан. Құтқарушылар қаза тапқан жанның кім екендігін анықтады. Одан құжаттары мен 1987 жылғы 10 сәуірдегі Мәскеу- Минеральные воды әуе рейсіне билеті табылған.
«1951 жылы туған Ленинград облысы Новая Ладога қаласының тұрғыны Еленаы Базыкинаның төлқұжаты табылды»,- делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, 1987 жылы Эльбрустегі қар көшкіні салдарынан 7 адамнан құралған альпинистер тобы үшті-күйлі жоғалған еді. Сол кезде қанша іздегенмен олардың денесі табу мүмкін болмады.