Эльбрус шыңында қалған 4 турист құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тікұшақтың көмегімен Эльбрус шыңының жартастарында қалып қойған 4 турист құтқарылды, деп хабарлады жексенбіде Интерфакске" Ресей ТЖМ Эльбрус іздеу-құтқару отрядының жедел кезекшісі.

Эльбрус шыңында қалған 4 турист құтқарылды

«Құтқарушылардан көмек сұраған рязаньдық топ тікұшақпен эвакуацияланды»,- деді жедел кезекші.

Оның айтуынша, саяхат 4 қарашаға дейін жалғасуы тиіс болған. Бірақ жел палатканы жыртып, топ мүшелері үсуге шақ қалған. Сондай-ақ олар бағыт-бағдарды да жетік білмеген.

«13:30-да Рязань қаласының туристері Азау алаңқайына жеткізілді. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ»,- дейді құтқарушылар.