Эльбруста адасып кеткен польшалық альпинистерді құтқарушылар таба алмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эльбрус шыңына шықпақ болған Польшаның үш альпинисі адасып кеткен, оларға көмекке ТЖМ құтқарушылары шұғыл аттанып кетті, деп хабарлады ТАСС Эльбрус жоғары таулы іздестіру-құтқару жасағының жедел кезекшісіне сілтеме жасап.

Эльбруста адасып кеткен польшалық альпинистерді құтқарушылар таба алмай жатыр

«Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:00-ден бастап Эльбруста іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Тау беткейінде жолдың нашар көрінуі салдарынан Польшаның үш альпинисі адасып кетті, олардың шамамен орналасқан орны Эльбрурстың шыңы - теңіз деңгейінен 5,5 мың метр жерде», деді агенттіктің сұхбат берушісі іздеуге 19 адам тартылғанын атап өтіп.

Әзірге іздестіру еш нәтиже берген жоқ», - деп қосты жедел кезекші.