Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Эльбрусте құтқарушылар жыраға құлаған альпинисті алып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «11.00-де құтқарушылар көмек сұрап жүгінген альпинисті іздеп, мұз құрсауынан алып шығып, төмен түсірді», деп хабарлады сейсенбіде  «Интерфаксқа» Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Қантемір Беров.

   Эльбрусте құтқарушылар жыраға құлаған альпинисті алып шықты

Беров спортшы  құлаған кезде аздап жарақат алғанын нақтылады. Сейсенбі  09.55-те Эльбрус тауының шығыс беткейінің оңтүстік жағынан 5100 метр биіктікте тау басына шығып бара жатқан кезде спортшы жыраға құлап кеткен. Эльбрус биік  таудан іздеу-құтқару жасағының бес құтқарушысы оны іздеуге шықты.