Эльбрусты бағындырмақ болған Ингушетия альпинисін іздеу жұмыстары нәтижесін берер емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эвересті екі рет бағындырған Ингушетия альпинисі Лейла Албогачиева Эльбрусқа шықпақ болған кезінде із-түзсіз жоғалып кетті.

Эльбрусты бағындырмақ болған Ингушетия альпинисін іздеу жұмыстары нәтижесін берер емес

Бұл туралы Ингушетия Республикасының дене шынықтыру және спорт министрлігінен хабарлады.

Министрліктің мәліметтерінен қарағанда, альпинистің жоғалғандығы туралы хабар Кабардино-Балкария ТЖММБ-ға 22 қыркүйекте түскен. Оны іздеу жұмыстарына Эльбрус тауда іздеу-құтқару отряды құрамының - 6, ТЖМ тобының 10 адамы жұмылдырылды.

Оқиға орнында жүрген дене шынықтыру және спорт вице-министрі Дауд Алхазуровтың айтуынша, кеше түстен кейін ауа-райының қолайсыздығынан іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Албогачиева екі рет - 2012 және 2013 жылдары Аконкагуа мен Килиманджарода болған, 12 рет Эльбрусқа шыққан.