Ел бюджетіне 2 млрд. теңге шығын келтірген «кәсіпкер» ұсталды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жалған есеп-қисап құжаттарын жасап,
None
None

коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтаруға көмектескен азаматты ұстады.

Ол «АстанаСпецмонтажСтрой», «Успех КЗ» және «РекордСтройГрупп» атты үш бірдей фирманы өз атына ашып, 2,5 жыл бойы коммерциялық ұйымдардың ақшасын қолма-қол шығарып беріп отырған. Негізгі мақсат - салықтан жалтару. Одан ел бюджетіне келген шығын 2 млрд. теңгені құрады. Қазіргі кезде аталған факті бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар