Ел дамуының келесі қадамдары туралы Қазақстан халқына биылғы Жолдауымда айтатын боламын - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің дамуына қатысты келесі қадамдар туралы мен өзімінің кезекті Қазақстан халқына биылғы Жолдауымда егжей-тегжейлі айтатын боламын, деді бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланған.