Эльдар Рязанов Мәскеуде шұғыл ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Эльдар Рязанов сәрсенбі күні таңертең Мәскеуде шұғыл ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр, деп хабарлады РИА Мәскеудегі бірінші қалалық ауруханаға сілтеме жасап.
"Жағдайы ауыр... Ол жансақтау бөлімінде,- деді ауруханада.
Эльдар Рязанов - ресейлік және кеңес кинорежиссері, сценарийші, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы, ақын, драматург, КСРО халық әртісі. "Старики-разбойники", "Невероятные приключения итальянцев в России", "Ирония судьбы, или с легким паром", "Служебный роман", "Вокзал для двоих", "Гараж" және т.б. көптеген фильмдердің авторы.
Фото;© РИА Новости. Рамиль Ситдиков