Ел экономикасын дамытудың нақты 46 салалық сегменті анықталды

А. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазіргі кезде ел экономикасын дамытудың нақты 46 салалық сегменті анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Эксперт - 100 - Қазақстан» атты экономикалық форум аясында ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде бизнесті жүргізуде қолайлы жағдай жасау, экономиканың басымды бағыттарын дамыту инновациялық-технологиялық базаны қалау, экономиканың инфрақұрылымын нығайту, сондай-ақ шағын және орта бизнестің үлесін арттыру - біздің жұмысымыздың негізгі бағыттары. Ал агроөнеркәсіп, металлургия, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, формацептика, құрылыс, көлік және энергетика ел экономикасының басты салалары ретінде анықталып отыр. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыс нәтижесінде Қазақстанның экономикасын дамытудың нақты 46 сегменті анықталды. Олардың 23 бойынша мастер жоспарлар әзірленуде. Басты мақсат - Қазақстанның салалық әлеуетін анықтап, дамыту. Үкіметтің бүгінгі саясатының негізгі бағыты да осы болмақ», деді министр.

Соңғы жаңалықтар