Ел экономикасына қиындық төндірмес үшін сайлауды мейілінше ертерек өткізгеніміз абзал - академик К.Ормантаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлуын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ұсынысын қолдаймын, деді ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы Камал Ормантаев. Ғалымның пікірі «Егемен Қазақстан» басылымында жария етілді.
«Президент сайлуын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ұсынысын қолдаймын. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Сондықтан, ел экономикасына қиындық төндірмес үшін сайлауды мейілінше ертерек өткізгеніміз абзал. Бұған қоса, қайталап айтарым, Ассамблеяның ұсынысын өте дұрыс деп есептеймін», - деді Камал Ормантаев.