Ел экономикасында 11 айдағы инфляция деңгейі 7 пайызды құрады

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ел экономикасында 11 айдағы инфляция деңгейі 7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.

Ел экономикасында 11 айдағы инфляция деңгейі 7 пайызды құрады

Министрдің атап өтуінше, елімізде макроэкономикалық тұрақтылық сақталып отыр. Бұл ретте үкіметтің тарифтік реттеу мен бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаның едәуір өсуіне жол бермеуге бағытталған белсенді шаралары экономикаға жасалатын инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді.

«Инфляция 2010 жылғы қарашадағы 0,8 пайызға қарағанда, ағымдағы жылдың қарашасында 0,6 пайызды құрады. Инфляция деңгейі 2011 жылға қаңтар-қарашада 7 пайызды құрады немесе өткен сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 0,1 пайызға таман төмендеді. Жылдық мәндегі инфляция 7,8 пайыз деңгейінде сақталады және жылдың соңына жоспарланған 6,8 пайыздық дәлізде тұр», - деді ол.