Ел экономикасындағы мемлекеттік үдерістердің үйлестірушісі Индустрия және сауда министрлігі болмақ ? Премьер-Министр

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі дағдарыс жағдайында ел экономикасындағы мемлекеттік үдерістердің нақты үйлестірушісі болуы қажет. Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осы мәселені атап өтті,

Ел экономикасындағы мемлекеттік үдерістердің үйлестірушісі Индустрия және сауда министрлігі болмақ ? Премьер-Министр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде ел экономикасын жандандыру жолындағы мемлекеттік үдерістердің үйлестірушісі Индустрия және сауда министрлігі болуы қажет деп ойлаймын. Ол үшін министрліктің функциясын қайта қарастырып, қажетті ресурстарды беру керек. Осы мәселе бойынша бір аптаның ішінде тиісті шараларды атқаруды тапсырамын», - деді өз сөзінде К. Мәсімов. Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінде ел аймақтарындағы серпінді жобаларды қадағалап, болжап отыратын облыс әкімінің бір орынбасарын бекіту қажет. «Бүгінде біздің басты міндетіміз - жаңа мақсаттарды көздеу емес, барымызды бағалап, оны жеріне дейін жеткізу», - деп атап өтті Премьер-Министр. Үкімет басшысы ел экономикасындағы мемлекеттік үдерістерді үйлестіру жұмысы бойынша тиісті жүйені бір аптаның ішінде өзінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке әзірлеуді тапсырды.