Ел халқының қанша пайызы ауылда тұрады - статистика

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам немесе ел халқының 38,2%-ы тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.
None

Бюро таратқан деректерге қарағанда, урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер.

Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алда, ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам. Одан кейін Қызылорда облысы – 442 423 және Маңғыстау облысы – 420 052.

Ауыл тұрғындарының саны Ұлытау облысында ең аз, онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады.

Облыс халқының жалпы үлесінде ауылдықтар саны басым 7 өңір бар. Олар: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстары.


Соңғы жаңалықтар